Осы жылдың бірінші жартыжылдығында 122 млн тоннадан астам жүк темір жол көлігімен тасымалданды

2024 жылғы қаңтар-маусым қорытындысы бойынша ҚТЖ желісінде 122 млн тоннадан астам жүк тасымалданды. Республикаішілік тасымалдар өткен жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 2,1% өсіп, 81,5 млн тоннадан асты. Экспортқа 41 млн тоннадан астам жүк жөнелтілді. Тас көмірдің тасымалданған көлемі 47,5 млн тоннаны құраса, оның ішінде республика бойынша – 34,8 млн тонна.

Ел ішінде астық тасымалдау көлемі 5%, яғни 1,1 млн тоннаға дейін өсті. Ағымдағы жылғы қаңтар-маусым қорытындылары бойынша ұнтақ өнімдерін тасымалдау 5,4%, яғни 1,6 млн тоннаға дейін, оның ішінде ел ішінде 8% өсті.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қара металдарды тасымалдау 7,2%, 2,2 млн тоннаға дейін, темір кені мен марганецті тасымалдау 9,6%, 10,5 млн тоннаға дейін, түсті кен мен күкірт шикізатын тасымалдау 13%, 12,1 млн тоннаға дейін ұлғайды.

Мұнай жүктерінің экспорты 8,3% (2,7 млн тонна), қара металдардың экспорты 6% (1,6 млн тоннаға дейін), химиялық тыңайтқыштардың экспорты 10% (648 мың тонна), темір кені мен марганецтің экспорты 4% (5,6 млн тонна), құрылыс жүктерінің экспорты 68% (267 мың тонна) ұлғайды.


«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

ЛЕНТА НОВОСТЕЙ
Более 116 тысяч маломобильных пассажиров воспользовались поездами Нацперевозчика с начала 2024 года
Тасқын болған өңірлердегі балалар саяхат пойызында Қазақстанның көрікті жерлеріне аттанды
Токаев подтвердил готовность создать условия для корейских компаний на рынке Казахстана
НАВОДНЕНИЕ: МОЛОДЕЖЬ «АУЫЛ» ПОМОГАЮТ В СТРОИТЕЛЬСТВЕ ДОМА
Изменения в графике работы ЦОНов и спецЦОНов в майские праздники
Компенсации за потерю скота из-за паводков в Казахстане: детали выплат
Депутат Жигули Дайрабаев критикует аграрную политику Казахстана
В Казахстане запрещают рекламу букмекерских контор и тотализаторов
Ксения Собчак прибыла на судебное заседание по делу Куандыка Бишимбаева.
Какие социальные выплаты предоставляются в Казахстане?
ВСЕ НОВОСТИ