Тасқын болған өңірлердегі балалар саяхат пойызында Қазақстанның көрікті жерлеріне аттанды

Бүгін елордадағы «Нұрлы жол» вокзалынан «Туған елге саяхат» жазғы танымдық-туристік пойызы жолға шықты. 12 күн ішінде өскелең буын өкілдері Астана, Бурабай, Алматы, Тараз, Түркістан және Байқоңыр аймақтарындағы танымал мәдени-тарихи орындарға барады. Сонымен бірге қатысушылар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына үн қосып, сапар бойы экологиялық өмір салтын қалыптастырады.

«Самұрық-Қазына» қоры «Таза Қазақстан» республикалық акциясын белсенді түрде қолдап, осы жылдан бастап балаларға экологиялық әдеттер мен дағдыларды дамыту, қоқысты сұрыптау бойынша оқыту шараларын ұйымдастырып келеміз. Бұл іске «Туған елге саяхат» жобасы да үн қосып отыр. Биыл қатысушылардың жартысы - әкімдіктердің берген тізімі бойынша су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің балалары, қалған жартысы - Қордың өндірістік кәсіпорындарының балалары. Жалпы бұған дейін «Самұрық-Қазына» тобы су тасқыны салдарымен күреске 22 млрд теңгеден астам қаражатты бағыттаған болатын», - деді Қор басшысы Нұрлан Жақыпов.


Жоба 2 кезеңде өтіп, табиғи апаттан зардап шеккен Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстары мен Қордағы компаниялар тобының шалғай аудандардағы еншілес кәсіпорындары өндірістік кәсіп қызметкерлерінің көпбалалы және тұрмысы төмен, толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 10-15 жас аралығындағы 200 баладан қатысады. Қатысушылар әкімдіктер мен өндірістік кәсіпорындар ұсынған тізімдер бойынша анықталды.

«Таза Қазақстан» акциясын қолдау аясында балаларға экология тақырыбында шеберлік шарасы өткізіліп, жас саяхатшылар қоқысты дұрыс сұрыптауды, әрі қарай қалай кәдеге жарату керектігін үйренді. Бұл ретте вагондарға тұрмыс қалдығы түрлеріне байланысты арнайы контейнерлер орнатылды. Осылайша жол бойы балалар алған білімдерін зерделеп, экологиялық дағдыларды дамыта түседі. Саяхаттағы демалыстан басқа, жол бойы мектеп оқушыларымен тәлімгерлер мен педагогтар жұмыс істеп, қызығушылықтары бойынша үйірмелер, зияткерлік және спорттық ойындар ұйымдастырылады.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия балаларды қорғау мәселесіне, сәйкесінше «Туған елге саяхат» жобасы арқылы өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңыздылығына ерекше көңіл бөліп отыр.

Екінші маусым 24 шілдеде басталып, жас саяхатшылар бірінші кезеңдегідей бағдарда Қазақстанды аралап, жазғы каникулын әсерлі де пайдалы өткізуге мүмкіндік алады.

Пойыздағы 9 вагонның екеуі балалардың тамақтануына арналса, қалған жетеуі купелерден тұрады. Барлық вагонда кондиционерлер мен санитарлық тораптар орнатылған.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылай қолдауымен және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қатысуымен, «Әлеуметтік жобалар қорымен» ынтымақтастықта іске асырылуда.

Алтыншы мәрте жолға шыққан «Туған елге саяхат» пойызы арқылы бұған дейін 5 жылда «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы 3 мыңға жуық бала қамтылды.

ЛЕНТА НОВОСТЕЙ
Осы жылдың бірінші жартыжылдығында 122 млн тоннадан астам жүк темір жол көлігімен тасымалданды
Более 116 тысяч маломобильных пассажиров воспользовались поездами Нацперевозчика с начала 2024 года
Токаев подтвердил готовность создать условия для корейских компаний на рынке Казахстана
НАВОДНЕНИЕ: МОЛОДЕЖЬ «АУЫЛ» ПОМОГАЮТ В СТРОИТЕЛЬСТВЕ ДОМА
Изменения в графике работы ЦОНов и спецЦОНов в майские праздники
Компенсации за потерю скота из-за паводков в Казахстане: детали выплат
Депутат Жигули Дайрабаев критикует аграрную политику Казахстана
В Казахстане запрещают рекламу букмекерских контор и тотализаторов
Ксения Собчак прибыла на судебное заседание по делу Куандыка Бишимбаева.
Какие социальные выплаты предоставляются в Казахстане?
ВСЕ НОВОСТИ